Құру тарихы

Кооператив 2017 жылдың 4 желтоқсанында тіркелді. Тұтынушылар кооперативін құру идеясы пәтер мәселесі шешімін іздеуден пайда болды. Мұнда әртүрлі екі оқиғаны айтып бергім келеді, біреулер өз оқиғасымен ұқсастық табатынына сенімдімін.

1 оқиға.  

Сандуғаш барлық дерлік өмірі Орал қаласында тұрды. 2016 жылдың соңында Алматы қаласына корпоративтік оқуға келгенде, оған оңтүстік астанада тұрақты жұмысқа тұруға ұсыныс түсті. Сандуғаш өзі үшін маңызды шешімді қабылдап, келісімін берді. Ал 2017 жылдың ақпанында-ақ жаңа жұмысқа кіріседі. Жаңа қалаға келісімен, Сандуғаш пәтер жалдап тұра бастап, Алматыда пәтер жалдау қымбат екенін түсініп, меншікті баспана сатып алу жолдарын іздеуді бастады. Басында ол ипотекаға пәтер алуды ойлады, бірақ ол үшін банкке кемінде 30% бастапқы төлем жинақтау қажет болды. Сандуғаштың жалақысы аса жоғары емес және оның екі қызы институттарда оқиды. Ипотека қымбат болды, қосымша, несие бойынша артық төлемдер өте жоғары. Баламалы мүмкіндіктерді зерттеу барысында, Сандуғаш тұтынушылар кооперативтерімен танысты және оған олардың шарттары қатты ұнады. Қазақстанның тұтынушылар кооперативі нарығын зерттегенде, Сандуғашқа бұл идеяның өзі жақсы болғанымен, бірақ кооперативтер ұсынған шарттар ұнамады. Сандуғашта осындай жобалардың бірінде қатысуға мүмкіндік беретін Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкінде жинақталған ақша болатын...

2 оқиға.

Мәлік Алматы ққаласының орташа табысты қарапайым тұрғыны. Қазіргі уақытта ағасы мен оның отбасымен тұрып жатыр. Үйленуді жоспарлауда, және отбасын құрудан бұрын, кейін жалдамалы пәтерде тұрмау үшін алдымен меншікті баспана алғысы келеді. Баспана сатып алу үшін қаржы жинай бастады, бірақ баспананы бірден сатып алуға мүмкіндігі жоқ, себебі өте қымбат. Осыған байланысты жылжымайтын мүлікті бөліп төлеу арқылы сатып алу жолдарын қарастырды. Белгілі бір мерзім ішінде пәтерді ипотека арқылы алуға мүмкіндік беретін бастапқы соманы жинағанда, бірнеше жыл бұрын несие тарихы бүлінгеніне байланысты банктер несие беруден бас тартты. Мәлік пәтер мәселесін шешудің басқа да жолдарын іздей бастады...

Эпиграф

Сандуғаштың ойында шарттары әділ болатын өз кооперативін құру туралы керемет идея пайда болды. Осы идеямен ол, пәтер мәселесімен айналысып жүрген әріптесі Мәлікпен бөлісті.

Мәлік пен Сандуғаш тұтынушылар кооперативі нарығы мен оны құру шарттарын мұқият және егжей-тегжейлі зерттей бастады. Нарықты және заңдық аспектілерін талдау бойынша, сонымен қатар, олар сияқты өз баспанасын алғысы келетін халыққа мүмкіндік беретін мәселелер бойынша үлкен көлемді жұмыстар атқарылды. Осылай "OTAU - KAZYNA" тұтынушылар кооперативі пайда болды.

Бізге хабарласыңыз

Егер сізде қандай да бір сұрақтарыңыз болса, біз міндетті түрде оларға жауап береміз