Кооператив туралы

"Тұтыну кооперативі туралы" Заңға сәйкес тұтыну кооперативі - қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын мүшелiк негiздегi ерiктi бiрлестiгі. Сонымен қатар тұтыну кооперативі коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Тұтынушылар кооперативі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясының 27.12.1994ж. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, "Тұтыні кооперативі" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қантар № 142 Заңының, Қазақстан Республикасының басқа заңдары және осы жарғы негізінде жүзеге асырылады.

Миссия - Қазақстан Республика азаматтарының өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында, жалпы жұртшылық үшін қол жетімді баспаны алуға мүмкіндіктерді жасау

Мақсат - кооператив мүшелерін өз жеке меншік мүлігімен қамтамасыз ету

"OTAU - KAZYNA" Тұтыну кооперативі келесідей қағидалар негізінде қызметті жүзеге асырады:

  • кiру және шығу ерiктiлiгi;
  • мүлiктiк (пайлық) жарна төлеудiң мiндеттiлiгi;
  • басқарудың ашық және демократияшылдығы;
  • өзара көмек және өз мүшелерiнiң мүдделерiн қорғау;
  • тұтыну кооперативiнiң қызметi туралы ақпаратты оның барлық мүшелерiнiң пайдалана алуы принциптерi негiзiнде жұмыс iстейдi.

"OTAU - KAZYNA" ТК БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ИПОТЕКАМЕН САЛЫСТЫРУ КЕСТЕСІ

ИПОТЕКА "OTAU - KAZYNA" ТК
Алғашқы жарна Жоғары Төмен
Қосымша комиссиялар Бар Жоқ
Өсімақы, айыппұл Бар Жоқ
Сыйақы пайыздық мөлшермесі Бар Жоқ
Мүшелік жарна Жоқ Бар
Құжаттар тізімі Үлкен Тек жеке куәлік
Табысты растау Қажет етіледі Қажет етілмейді
Қосымша кепіл Қажет етіледі Қажет етілмейді
Несие тарихы Есепке алынады Есепке алынбайды
Артық төлеу Жоғары Төмен

Бізге хабарласыңыз

Егер сізде қандай да бір сұрақтарыңыз болса, біз міндетті түрде оларға жауап береміз